Навигация

Издание не издается с июня 2025 года
Топырақтағы микробиологиялық процестер

Топырақ құрамында үлкен көлемді және әр түрлілік микроағзалар бар. Топырақтың микроағзасыз тіршілік етуі мүмкін емес. Микроағзалар топырақта болып жүрген процесстерді жүргізеді.

Рубрика: Научно-исследовательская деятельность студентов Дата: 16.04.2025

Қазақстанда Ресей протекторатын құрудың тарихи алғышарттары

Бұл мақалада Жоңғар-қазақ соғыстарының әсері және қазақ билеушілерінің Ресеймен одақтасу себептері қарастырылады. Кіші жүздің Ресей құрамына кіру үдерісі 1730 жылы Әбілқайыр ханның бастамасымен жіберілген елшіліктен басталып, 1731 жылы Анна Иоанновнаның қазақтарды Ресей азаматтығына қабылдау туралы грамотасына қол қоюымен бекітілді. Ресейдің бұл үдерістегі саясаты, А. И. Тевкелев елшілігінің қызметі және қазақ ақсүйеттерінің қарама-қайшы ұстанымдары талданады.

Рубрика: Научно-исследовательская деятельность студентов Дата: 15.03.2025

Соғыстан кейінгі кезеңдегі аграрлық саясат және ауыл шаруашылығын индустрияландыру

Мақалада соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы қиындықтар, оның ішінде 1946 жылғы құрғақшылықтың әсері, техниканың жетіспеушілігі және жұмыс күшінің аздығы қарастырылады. Ауыл шаруашылығын қалпына келтіру мақсатында қабылданған мемлекеттік шаралар, оның ішінде колхоздарды ірілендіру, материалдық-техникалық базаны жақсарту және суармалы жерлерді кеңейту мәселелері талданады.

Рубрика: Научно-исследовательская деятельность студентов Дата: 15.03.2025

XX ғасырдың 20-90 жылдарындағы Солтүстік Қазақстан мұсылмандарының жағдайы

Мақала XX ғасырдың 20-90 жылдарындағы Солтүстік Қазақстан мұсылмандарының әлеуметтік және діни жағдайына арналған. Бұл кезеңде Кеңес үкіметінің идеологиялық саясаты, коллективтендіру науқаны, Ұлы Отан соғысы және Хрущев, Брежнев дәуіріндегі реформалар Солтүстік Қазақстанның мұсылман халқының өміріне елеулі әсер етті. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары мұсылмандарға қарсы жүргізілген репрессиялар мен діни қысымдар, ашаршылық және саяси өзгерістер мұсылман қауымының рухани өміріне терең із қалдырды. 1980-90 жылдары қайта жандану кезеңі басталып, мұсылмандық құлшылықтар мен дәстүрлер қайта өркендеді. Мақалада осы тарихи кезеңдердегі мұсылмандардың дін мен мәдениетін сақтау жолындағы күрестері мен олардың әлеуметтік жағдайы қарастырылады.

Рубрика: Научно-исследовательская деятельность студентов Дата: 15.03.2025

Халықаралық стандарттардың Қазақстанның конституциялық құқығына әсері

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі даму жолында бірнеше кезеңдерден өтті, әсіресе тәуелсіздік алғаннан кейін халықаралық стандарттардың ішкі құқықтық жүйеге ықпалы айтарлықтай артты. Бұл мақалада халықаралық құқық нормалары мен стандарттарының Қазақстанның конституциялық құқығына тигізген әсері қарастырылады. Конституциялық құқықтың халықаралық стандарттармен сәйкестігі, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекет пен азаматтың қарым-қатынастарын реттеу мәселелері айқындалады.

Рубрика: Научно-исследовательская деятельность студентов Дата: 15.03.2025

Ақмола өңіріндегі жаппай қуғын-сүргіннің әлеуметтік-мәдени салдары

Мақалада Ақмола өңіріндегі жаппай қуғын-сүргіннің әлеуметтік және мәдени салдарлары қарастырылады. 1930-40 жылдардағы репрессиялар кезеңінде Қазақстанның көптеген аймақтарында, соның ішінде Ақмола облысында да халықтың әлеуметтік құрылымы мен мәдени өміріне терең әсер етті. Мақалада Кеңес үкіметінің қатаң саясатының нәтижесінде интеллигенцияның, діндарлар мен ауыл шаруашылығында еңбек еткен адамдардың қуғын-сүргінге ұшырауы, мәдениет пен білімнің тоқырауы, сондай-ақ діни сенімдердің қысымға алынуы туралы сөз болады. Жаппай репрессиялардың халықтың рухани дамуына, әлеуметтік байланыстың бұзылуына және ұлттық мәдениеттің құлдырауына әкелген зардаптары талданып, бұл кезеңнің Қазақстан тарихындағы орны мен маңызы ашылады.

Рубрика: Научно-исследовательская деятельность студентов Дата: 15.03.2025

Еуроинтеграцияның Украинадағы саяси және экономикалық өзгерістерге әсері

Еуроинтеграция — бұл елдің экономикалық және саяси жүйесін Еуропалық Одаққа сәйкес үйлестіруге бағытталған процесс. Украина үшін Еуроинтеграция — оның саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуындағы маңызды өзгерістердің бірі. 2014 жылы Украинадағы Евромайданнан кейін Еуропалық Одақпен қатынастарды нығайтуға деген ұмтылыс күшейді. Бұл процесс елдің ішкі реформаларына және халықаралық қатынастарында жаңа бағыттың қалыптасуына ықпал етті. Мақалада Еуроинтеграцияның Украинадағы саяси және экономикалық өзгерістерге тигізген әсері талданады.

Рубрика: Научно-исследовательская деятельность студентов Дата: 15.03.2025

Кеңестік ұлттық кадрларды даярлау саясатының Ақмола өңіріндегі этностарға әсері

Кеңес Одағының қалыптасуы мен дамуы кезінде ұлттық кадрларды даярлау саясаты маңызды рөл атқарды. Бұл саясаттың мақсаты – ұлттық интеллигенцияны тәрбиелеу, әр түрлі этностардың мәдениетін сақтау және Кеңес Одағының тұтастығын нығайту болды. Әсіресе, Қазақстанның Ақмола өңірінде бұл саясаттың этностарға әсері ерекше болды, өйткені бұл аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен этникалық құрамы Кеңес үкіметі саясатының әсерінен өзгерді. Осы мақалада кеңестік ұлттық кадрларды даярлау саясатының Ақмола өңіріндегі этностарға, олардың білім алу мүмкіндіктеріне және әлеуметтік жағдайларына әсері қарастырылады.

Рубрика: Научно-исследовательская деятельность студентов Дата: 15.03.2025

Кеңестік қудалау жағдайында діни конфессиялардың жаңа формаларға бейімделуі

Кеңес Одағының коммунистік режимі кезінде діни сенімдер мен конфессиялар қатты қудалауға ұшырады, себебі мемлекет атеизмді насихаттап, дінді қоғамға қауіпті деп санады. Бұл мақалада кеңестік қудалау жағдайында діни ұйымдардың жаңа формаларға бейімделуі қарастырылады. Діни қауымдар құпия жиналыстар мен катакомбалық қызметтерді ұйымдастыру, мемлекеттік бақылауға бағыну, діни оқу орындарын жасырын жүргізу, мәдениет пен өнер арқылы өз сенімдерін білдіру сияқты түрлі тәсілдермен әрекет етті. Осы бейімделу әдістері кеңестік кезеңде діндердің сақталуына және олардың болашақта қайта өрлеуіне ықпал етті.

Рубрика: Научно-исследовательская деятельность студентов Дата: 15.03.2025

Вклад казахских воинов в укрепление военного потенциала Российской империи

Статья посвящена анализу вклада казахских воинов в укрепление военного потенциала Российской империи с XVIII по XIX века. Рассматривается участие казахов в военных кампаниях, их роль в охране рубежей империи и взаимодействие с российской армией. Подчеркивается важность казахских воинов, обладавших высокими навыками верховой езды и владения оружием, в стратегической безопасности и военных операциях, таких как Кавказская война, войны с Персией и Китаем. Особое внимание уделено созданию казачьих войск на казахстанских территориях и их интеграции в российскую армию. Вклад казахских воинов рассматривается как ключевой фактор в укреплении военной мощи Российской империи и сохранении культурных и военных традиций, оставивших след в истории империи.

Рубрика: Научно-исследовательская деятельность студентов Дата: 15.03.2025