Навигация

Издание не издается с июня 2025 года

Табиғатты аялайық. Туған өлкемнің экологиясы

Донсебаева Сауле Манаповна
«Өскемен технология және сервис колледжі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Анотация Табиғат – біздің асыраушымыз, табиғат пен адамзат – біртұтас екендігін санадан шығармауымыз тиіс. Экожүйені бұзумен біз табиғатқа ғана емес, өзімізге де зор зиянымызды тигіземіз. Қоршаған орта біздің қамқорлығымыз бен сүйіспеншілігімізге мұқтаж және қоршаған ортаны қорғау әр пенденің міндеті. Табиғат-адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Үйің мен бау-бақшаңды қалай күтіп баптасаң, табиғатқа да сондай жанашырлықпен қараған жөн.


Скачать файл

Рубрика: КОЛЛЕДЖ-Гуманитарные науки | 1 курс Дата: 30.05.2025


Фрагмент для ознакомления

Оқу мақсаты.

«Табиғатты аяла» «Туған өлкемнің экологиясы» тақырыптары бойынша мәтіндегі, бейнефильмдегі сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну.

Сабақтың мақсаты

Экология, табиғат тақырыбына байланысты ақпараттарды анықтау, және адам өмірімен тікелей байланысты екендігін ұғындыру. Табиғат байлығын қорғауға тәрбиелеу, берілген тапсырмаларды практикалық жолмен меңгерту. Сабақ беру процесінің барысында, мүмкіндіктері шектеулі қатысушыларды (инклюзив-естімейтін) студентермен өзара қарым-қатынаста, қатар өмір сүруге, дайындау.

Сабақтың түрі:

Жаңа тақырып.

Сабақтың әдіс-тәсілі:

Топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, сабақ бойынша мәселелерді ойын арқылы, сұрақ-жауап тб арқылы шешу.

Ойлау дағдыларының деңгейлері:

Оқу, түсіну, білу, қолдану, талдау

Бағалау:

Оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау. Сабақ барысында тыңдаушының (инклюзив, 2-қыз) назарын өзіне аудара алу. Топтың жұмысын бағалау, жеке студенттің жауабын бағалау, бір-бірінің, өздерінің жауаптарын- өздері бағалау.

Критериалды бағалау: білім мақстаты мен мазмұнына сәйкес студенттердің оқу-танымдық құзіреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады және студенттердің оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.

Тілдік мақсат:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер.

Сұрақтарға жауап беруге, мәтінді талдауға, бейне фильмге тезис жазуға қолданылатын тіркестер – сөздер, сұрақтар, сөйлемдер.

Құндылықтарға баулу:

Табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу арқылы табиғатты аялауға шақыру, туған өлкемнің экологиясын сақтау

Пәнаралық байланыс:

География, информатика.

Тақырып бойынша алдын-ала берілген тапсырмалар:

Табиғат, экология туралы тақпақтар жаттау, оқулық бойынша мәтінді оқу, сілтеме бойынша бейне роликті көру.

Көрнекіліктер:

Электрондық тақта, бейне фильм, презентация, телефон, ғаламтор, қағазда жазылған сөздер парақшасы тб.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған бөлімдердің, іс-жүзінде жүзеге асырылуы.

 

1.Сабақтың басталуы.

 

 

 

 

(дәптерге жазу)

Ұйымдастыру кезеңі:

Тұрғызу, сәлемдесу.

Психологиялық дайындық (уайымдамаймыз, бәрі жақсы болады, сабағымызды бастай берейік)

Кезекшінің рапорты:

-бүгін топта кім кезекші?

-топта кім жоқ?

-қай мезгіл басталды?

-бүгін айдың нешесі?

2. Жаңа сабақты болжау.

(слайдтағы суреттерге қарап, дыбыстарды тыңдап, жаңа сабаққа болжау жасайды)

(тыңдап болған соң сұрақ қою, сабақтың тақырыбын қайталап айту)

 

 

 

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Жаңа сабаққа студенттердің назарын аударып, болжау жасау»

Суреттер галлереясына бекітілген, табиғат құбылыстарының дыбыстарын тыңдау»

-Не көрдіңдер, не естідіңдер?       

-Осы құбылыстардың барлығы табиғат құбылыстарына жатады.           

–Сонымен бүгінгі сабақ не туралы болмақ, тақырыбы қандай?

«Табиғатты аялайық, Туған өлкемнің экологиясы»

Экология, табиғат тақырыбына байланысты ақпараттарды анықтаймыз, және адам өмірімен тікелей байланысты екендігін ұғынамыз. Берілген тапсырмаларды практикалық жолмен меңгертеміз. Сабақ барысында экология, табиғат туралы тақпақтар айтамыз, сұрақтарға, тест сұрақтарына жауап береміз, мақал-мәтелдермен, мәтінмен, бейне фильммен, тағы басқа тапсырмалар бойынша жұмыстар жүргіземіз.

Дескриптор:

-Суреттерді тамашалайды, табиғат құбылыстарының дауысын тыңдайды?

-Жаңа сабақтың тақырыбын болжайды

3. Сабақтың девизі:

(хормен оқу)

«Табиғаттағы барлық жылу - күннен,

 Өмірдегі барлық жылу – адамнан»

 

4. Алдын-ала берілген тапсырмалар. (экология, табиғат туралы қысқаша тақпақтар айту)

Студенттер үйлерінен дайындап келген тақпақтарын айтады, оқиды.

 

 

 

Жақсы, рахмет

5. Сабақ барысында кездесетін тірек сөздер мен сөз тіркестер түсіндірмесі:

(мен бірінші сөзді оқимын, студенттер кезек-кезекпен түсіндірмесін оқиды)

 

 

 

 

 

(тапсырманы бекіту)

Экология –ЭКО-үй, ЛОГОС-ғылым, жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, заңдылықтарын зерттейтін ғылым;               

Экологиялық апат- табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің күйреуі. (төтенше жағдайлар);               

Экологиялық мәдениет- экология және табиғатты қорғау;               

Экологиялық ахуал- қоршаған ортаны сауықтыру, халықты әлеуметтік қорғау, ұрпақтарымыздың құндылықпен бағалауы;                                

Зардабын тигізу- адамның табиғатқа ықпалы;

Эко жүйе– тірі ағзалар жиынтығы.

Экологиялық мәселелер-адамның табиғатқа, және керісінше, табиғаттың адамға тигізетін қолайсыз әсерлері.

Жер ана-адамның өмірі жермен тығыз байланысты.

Табиғаттың қожасы-адамның табиғатқа қысым көрсетуі, үстемдік етуі.

Осы сөз тіркестері, сөйлемдер сабақ барысында кездеседі, сондықтан, естерімізде сақтаймыз.

6. Ой түрткі. Сұрақ-жауап жұмысы.

«Блум таксоманиясы» әдісімен сұрақтар стратегиясы

(2-топқа бөлу. Қатармен жарысып жауап береді) (өз таңдауларынша

4-сұрақтың біреуіне қысқаша, қалғандарына толығымен жауап береді)

(Әр топ өз жауаптарын өздері қол соғу арқылы, шапалақпен бағалайды)

Критерийлер:

Өте жақсы-5 шапалақ

Жақсы-4 шапалақ

Орташа-3 шапалақ

(Мен басты сөзді оқимын, қалғанын кыздар хормен оқиды)

тапсырманы бекіту)

1-топ

1) Табиғат пен экология байланысты ма?

2)Адамға табиғаттың жері мен суы, орманы мен тасы, жануарлары мен өсімдіктері не үшін қажет?

3)Табиғаттан ала берудің нәтижесі қандай болады?

4)Елімізде экологиялық мәселелер болмау үшін жастарға қадай тәрбие берер едің?

2-топ

1)Табиғат деген не?

2)Қоршаған ортаның ластануы қандай экологиялық апаттарға әкеледі?

3)Туған өлкемнің экологиясы туралы не айтасыздар?

4)Еліміздің экологиясын жақсартуға қандай үлестеріңізді қосар едіңіздер?

Сонымен табиғат пен экология тығыз байланыста. Экологиямыз таза, жақсы болса, адамдар ұзақ өмір сүреді, ауырмайды. Әр адам өзінің туған өлкесіне өз пайдасын тигізу керек.

Дескриптор:

-Сұрақтарды ұғады, жауап бере алады.

-Сөз тіркестерін хормен оқи алады

7. Тыңдалым, оқылым тапсырмасы. (оқулықпен жұмыс, 28-29 бет, 2-тапсырма

(мәтінді мұғалім оқиды, сосон өз беттерімен оқиды, 2-3 минут уақыт беріледі)

 

 

1. Қазақстанда қазіргі кезде 230 миллион тонна қатты радиоактивті қалдық жинақталған.

1949-1996 жылдар аралығында елімізде 500-ден астам ядролық қару сыналды. 20 миллион гектар жер экологиялық апатты аймаққа, тіршіліксіз экожүйеге айналды. Бұл апат 3,4 миллион адам тұратын елді мекендерді қамтыды. Сондағы тұрғын халықтың бүгінгі және ертеңгі жағдайы қандай болмақ.

Алматы, Өскемен, Шымкент сияқты қалаларда ауаның ластану мөлшері өте жоғары. Шығыс қазақстан өңірінде экологиялық мәселелер жеткілікті. Түсті металлургия, вольфрам, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала тұрғындарына зардабын тигізіп жатыр.

2. Каспий теңізінің 268 миллион гектар жағалауы мұнай өнімдерімен ластанып жатыр. Қазақстанның қай аймағына барсаңыз да, экологиялық ахуал күрделі. Қоршаған ортаның өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық қалдықтарымен ластануы, озон қабатының жұқаруы, қышқылды жаңбыр, мұздақтардың еруі, жер шары климатының жылына бастауы тағы басқалар жер анаға зардабын тигізіп отыр. Ғарыш қалдықтары мен өндірістік ластану топырақтың құнарсыздануына, жайылымдардың тозуына әкеледі. .Уақыт өткен сайын адамның табиғатқа әсері артып отыр. Яғни адам баласы өзін табиғаттың қожасы, билеушісі ретінде сезініп, одан өзіне керектігін алып отыр. Бірақ келтірілген зиянның орнын толтыруға, дер кезінде қамқорлық жасауға әдеттенбейді. Экологиялық апат аймақтары бар болғандықтан, экологиялық мәдениет-экологияны және табиғатты қорғау,өзеккті мәселе болып саналады. Ол дегеніміз адамзат баласының әрбір іс-әрекетіне шек қоя отырып, экологиялық жағдайды жақсартудың бірден-бір тиімді жолы. «Айқын газетінен»

 

8. Мәтін бойынша тапсырмалар.

1) Топпен жұмыс. Қағаз парақшалардан көптеген сөздердің ішінен мәтін бойынша, экологияға байланысты, сөз тіркестерін табады. Тақтаға алып шығады, дауыстап оқиды.

Екі командадан екі студент шығады

2) Сөздер мен сөз тіркестерінің көмегімен мәтінді ПОПС формуласымен қысқаша мазмұндап береді)

(тапсырманы бекіту)

(Екі команда бір-бірінің жауабын бағалайды) Критерийлер:

Өте жақсы-5 шапалақ

Жақсы-4 шапалақ

Орташа-3 шапалақ

1)Мәтін ішінен экологияға байланысты, экологяға зиянын тигізетін сөздер мен сөзтіркестерді табамыз.

радиоактивті қалдық, ядролық қару,тіршіліксіз экожүйе, ауаның ластануы, түсті металлургия, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері, зардабын тигізу, мұнай өнімдері, ластанып жатыр, қоршаған орта, өнеркәсіп қалдықтары, қышқылды жаңбыр, мұздақтардың еруі, жылына бастауы, топырақтың құнарсыздануы, жайылымдардың тозуы, адамның табиғатқа әсері, табиғаттың қожасы, орнын толтыру, табиғатты қорғау, шек қою.

2) Өздері тапқан сөздер мен сөз тіркестерінің көмегімен қандай зияны мен пайдасы бар екенін қысқаша ПОПС формуласы бойынша айтып, мазмұндап беріңдер.

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,….».

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін…».

Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын….».

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім…».

Қай команда белсенді, жылдам болды. Мәтіннің мазмұнын кім жақсы айтты.

Дескриптор:

-Мәтінді оқи алады, түсінеді

-Тапсырмаға байланысты сөздер мен сөз тіркестерді таба алады

-ПОПС формуласымен жұмыс істей алады

9. Мақал-мәтелдер.

 

Сергіту, демалу

«Кім жылдам?» ойыны. «Сәйкестендіру әдісі» Ғаламтор көмегімен «LearningApps.org»

 

 

 

(тапсырманы бекіту)

«Кім жылдам?» ойыны. «Сәйкестендіру әдісі»

Экрандағы шатасқан мақал-мәтелдердің сыңарын тауып, орнына орналастырып, сәйкестендіру керек.

Мақал-мәтелдің дұрыс баламасы.

  1. Адамның табиғатсыз күні жоқ,
  2. Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.
  3. Жауынмен жер көгереді,
  4. Батамен ел көгереді.
  5. Жел дауылды шақырады,
  6. Бұлт жауынды шақырады.
  7. Қыстағы қар – жерге ырыс,
  8. Жердегі ылғал – елге ырыс.
  9. Тау кезеңсіз болмас,
  10. Өлке өзенсіз болмас.
  11. Көлдің көркі - құрақ,
  12. Таудың көркі - бұлақ.
  13. Ағаш жапырағымен,            Жер топырағымен.

8) Ағаш тамырымен мықты,

 Адам дос-жарымен мықты.

9) Жаңбыр бір жауса,

  Терек екі жуады.

10) Табиғат жер байлығы,

Батырлар ел байлығы

Жақсы, бұл тапсырманы белсенді, жеңіл орындадық.

Дескриптор:

Мақал-мәтелдердің мағынасын түсінеді,

Жалғасын түсініп, орнына қоя алады.

10. Көрілім, тыңдалым, жазылым тапсырмасы. (Бейне материалды көріп, ұққандарыңды қысқаша- тезис түрінде жазыңдар)

 

(1-2 студентке оқыту)

 

 

 

 

 

 

 

(тапсырманы бекіту)

https://www.youtube.com/watch?v=uo4RZeHvaHU

Бейне фильм бойынша төмендегі сөз тіркестерінің көмегімен көргендеріңді дәлелдеп, немесе жоққа шығарып 1-2 сөйлем көлемінде тезис жазыңдар.

Бейне материалда кездескен сөздер экранда:

Қағаз-жаңбыр

Консерві қалдығы

Пластик бөтелке

Сағыздың сақталуы

Шыны ыдырамайды

Жануарлар өлімі

Қоқыс жәшігі

Батареядағы ауры металдар

Орман өрті

Таза ауыз су

Дескриптор:

-Бейне роликтегі автор ойын түсінеді.

-Негізгі ақпараттарды анықтай алады;

-Өзіндік пікірін қысқаша тезис түрінде жаза алады.

Өте жақсы. Бұл тапсырманы да орындадық.

11. Қорытындылау. Тест сұрақтарына жауап беру.

(10-сұрақ)

Тапсырма телефондарына келеді. Жауап беріп біткен соң экранда жауаптары аттарымен шығып тұрады.

«Kahut» тәсілі бойынша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(тапсырманы бекіту)

Тест сұрақтары.

1. Жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, заңдылықтарын зерттейтін ғылым?

а) эколог. апат   в)экология   ә)эколог. ахуал

б) жер ана    г) эко жүйе

2. Тірі ағзалар жиынтығы?

а) эколог. мәдениет   в)табиғат қожасы

ә)эко жүйе

б) зколог. апат    г)табиғат

3. Қазақстанда қазіргі кезде қанша радиоактивті калдық жинақталған?

а) 230 миллион   в)20миллион

ә) 231 миллион

б) 2035 миллион   г) 100 миллион

4. Түсті металлургия, қорғасын, мырыш қай қалада өндіріледі?

а) Алматы    в) Жезқазған

ә) Қарағанды

б) Өскемен    г) Шымкент

5. Топырақтың құнарсыздануына, тозуына қандай қалдықтар әсер етеді?

а) эколог. апат   в) ғарыш, өндіріс қалдықтары

ә) мұздатқыштың еруі

б) ауаның ластануы  г) эколог. жүйе

6. Жауынмен.....көгереді

Батамен ........көгереді

а) кезеңсіз,өзенсіз    в)ауа, су

ә) құрық, бұлақ

б) күші, тілі     г) жер, ел

7. Адамның табиғатсыз .......жоқ

Табиғаттың оны айтар......жоқ.

а) ырыс, құрақ   в) көгереді, шақырады

ә)күні, тілі

б) жапырақ, топырақ  г) дауыл, жауын

8. Судың түсі қандай?

а) түссіз     в)сұр түсті

ә) ақ түсті

б) көк түсті    г)күлгін түсті

9.Батареяның құрамында қандай ауыр, зиянды металлдар бар?

а) никель, тас    в)тас көмір, бояу

ә) көмір, мұнай

б) цинк, марганец, сынап  г) қара тас, металл

10.Орманның жауы не?

а) су     в) жәндіктер

ә) жануарлар

б) құстар    г) өрт

Көпшіліктерің жақсы жауап бердіңдер, жақсы.

Дескриптор:

-Сұрақтардың мағынасын түсінеді

-Дұрыс жауапты таба алады

 

12. Үйге тапсырма

 

 

 

ЭССЕ жазу

 

 

Төменде берілген сөйлемдерді пайдаланып, «Менің туған өлкемнің табиғаты, экологиясы» тақырбына ЭССЕ жазасыңдар

1)Табиғатқа жанашыр болуды үйрететін фильмдер мен мультфильмдер түсіру керек.

2)Өсіп келе жақтан ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу керек.

3)Экологиялық мәдениет— жалпы дүние-жүзілік мәдениеттің дамуының бір кезеңі және құрамдас бөлімі.

4)Адамзатгың өмірі мен болашақтағы дамуы.

Қоршаған ортаға немқұрайдылықпен қараудың күйінішті тәжірибесі.

5)Химиялық ластанудан, шудан, дірілдерден, электромагниттік сәулеленуден, радияциядан және тағы басқалардан сақтану.

13. Мұғалім Қасым-Жомарт Тоқаевтің сөзімен сабағын аяқтайды.

 

Бүгінгі сабағымызды Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сөзімен аяқтаймыз:

Сіз бен біз болып «Таза табиғат» жобасын жүзеге асырған жөн. Экологиялық бастамалар жыл сайынғы тұрақты жұмысқа ұласып, өмір салтына айналуы шарт. Табиғатты тазалап, қоршаған ортаны көгалдандыруды қолға алайық. Мұндай шараларды барлық аймақта ұйымдастыруымыз қажет. Осы Мемлекет басшысының айтқан сөздерін естерімізде сақтап, Ата бабаларымыздан келе жатқан мұраны, ұрпақтан-ұрпаққа таратып, экологиялық тәрбие берудің ең тиімді жолын жалғастырсақ, өте үлкен жетістіктерге жетер едік. .

14. Кері байланыс.

Рефлексия

-Бүгін сабақта негізгі мәселенің тақырыбы қандай болды?

-Сабақтан қандай жаңа ақпараттар алдым?

-Маған сабақ ұнады ма?

15.

Назарларыңызға рахмет.

 


Скачать файл