Жампиисова Сауле Жумангалиевна
"АЛАҚАЙ" бөбекжай-бақшасы" ЖШС
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Үй жануарлары мен жабайы жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, жануарлар туралы білімдерін тереңдету. Жабайы жануарлардың атын қазақша айтуға үйрету. Қазақ тілінде сөйлемді дұрыс құрастыруға дағдыларын әңгімелей білу дағдыларын жетілдіру.
Рубрика: ДЕТСАД-Коммуникация | Старшая группа Дата: 28.02.2025
Мақсаты: Үй жануарлары мен жабайы жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, жануарлар туралы білімдерін тереңдету. Жабайы жануарлардың атын қазақша айтуға үйрету. Қазақ тілінде сөйлемді дұрыс құрастыруға дағдыларын әңгімелей білу дағдыларын жетілдіру.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, көрсетіп түсіндіру, әңгімелету.
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық оятушылық Сабақ сәлемдесуден басталады. Психологиялық сәт. Армысың, асыл күн! Армысың, асыл жер Армысың, көк аспан! Армысың, жан досым Жылуыма жылу қос, міне менің қолым ! Біздің сабағымызға менің досым Алдар көсе келіп тұр. |
Балалар шеңбер жасап, бір-бірінің қолың ұстап ертеңгілік лебіздерін білдіреді.
Алдар Көсемен амандасады. |
|
Ұйымдастырушылық, ізденушілік Балалар, біздің қонағымыз сендерді серуенге шақырады. Барамыз ба? Ендеше барайық. Немен барамыз? Шанамен барамыз? Шаңғымен барамыз? Балалар, біз келдік. Қайда келдік? Мынау не? Мынау шырша. Мынау не? Ал шыршаның астында кім тығылып отыр екен? Қөреміз бе? Мынау кім? Мынау қоян Қоян сөзінде қазақ тіліне тән дыбысы бар Қ Қоян кімнен тығылып отыр екен? Қоян кімнен қорқады? Мынау кім? Мынау түлкі Түлкі қалай қимылдайды? Балалар, караңдаршы ағаштың артанда кім тұр екен? Мынау кім? Мынау аю Сергіту жұмысы; Аю, аю тұршы Беті-қолыңды жушы Айнаға қарашы Шашыңды тарашы. Балалар, мынау кімдер? Мынау жабайы жануарлар Алдар Көсе, біздің балалар саған жабайы жануар туралы айтып береді. |
Балалар тыңдайды Барамыз Балалар баратын көлікті өзі таңдайда. Жоқ Шаңғымен барамыз /Қимылды жасайды/ Біз орманға келдік. Мынау елка Мынау шырша Иә, көрейік Мынау заяц Мынау қоян /Бір-бірлеп, қыздар, ұлдар, хорлап, сыбырлап айтып отырады/ Балалар дыбысты жаттықтырады. Лиса Мынау түлкі / бір-біріне сыбырлап айтады/ Түлкі қимылдағаның көрсетеді.
Мынау медведь Мынау аю/Бір-бірлеп, қыздар, ұлдар, хорлап, сыбырлап айтып отырады/ Балалар қимылды жасайды.
Аю, қоян, түлкі суреттерін көреді. Мынау дикие животные Мынау жабайы жануарлар Кез келген бала жабайы жануар туралы айтып береді. Мысалы: Мынау қоян. Қоян жабайы жануар. |
|
Рефлексиялық түзетушілік Сабақты қорытындылау. Бүгінгі өткен материалдарды естеріне саламын. |
Жалпы қайталап өтіп шығады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: заттар мен іс-әрекет аттарын.
Меңгереді: үй және жабайы жануарлар туралы түсінік.
Жасай алады: сұрақтарға толық жауап беруге, 2-3 сөзден тұратын сөйлем құруға дағдаланады.