Исин Назымбек Жумабекович
«Жамбыл орта мектебі» КММ
музыка пәні мұғалімі
Оқушыларды Отансүйгіштікке, ерлікке, патриоттыққа баулитын іс-шара
Рубрика: ШКОЛА-Музыка | 9 класс Дата: 28.02.2025
Сценарий мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету
Сценарий түрі: кіріктірілген – интеллектуалды тәрбие іс – шарасы (сыр - сұхбат, түсіндіру
Жоспары:
І. Мерекелік кездесудің ашылуы «Гимн» шырқалады
ІІ. Қонақтарды таныстыру
ІІІ. «Атамекен» хор әні 9 «Д» сынып орындауында
ІҮ. «Ардагермен айдарлы сұхбат» кезеңі
V. «Ұрпаққа аманат» жаттаулар кезегі
ҮI. Әдеби-музыкалық монтаж би
ҮІI. Қорытынды.
Концерт барысы:
1 – жүргізуші
Құрметті қонақтар, Ұстаздар мен студенттер! Интернациолист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған ««Ауғанстан ақиқатының –асыл ерлері» ерлік концертіне қош келдіңіздер! Ендеше ҚР мемлекеттік гимнімен патриоттық концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
1.Гимн шырқалады.
2 – жүргізуші:
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық.
2.Келген қонақтар таныстырылым өтті.
1. А.Б
2.С.Т
3.Қ.Ш
4.Т.А
1 - Жүргізуші:
- Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай
2 - Жүргізуші
Өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес ортамызға Сіздер үшін жырланатын
2.ән «Атамекен» орындайтын 9 Д сынып оқушылары
1 жүргізуші- Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес, ендеше Сіздердің құрметтеріңізге 9 «Д» сынып орындауында
« » би қабыл алыңыздар
3..«Ардагермен сұхбат»
1 – жүргізуші: Біздің, Ауған соғысының ардагерлері өскелең ұрпаққа ақыл бере алады. Біз осымен мақтанамыз, қуанамыз. Ауған соғысы жүрекке жазылмайтын жара салған, тарихтағы қан сіңген қызыл парақ. Тиісінше, осы соғыстың ардагерлерін құрметтеу әрқайсымыздың парызымыз.
2-жүргізуші «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.
№1 Сұрақ - Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?
№2 Сұрақ- Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?
№3 Сұрақ - «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?
№4 - Сұрақ:
Қазақ жастары арасында әскерге шақырылған жігіттер Отан алдындағы борышын өтеуден көбісі қашады. Себебі неде деп ойлайсыз?
№5 - Сұрақ:
Сіздер Ауған соғысына барғанда шын өзіңіз ниетіңізбен бардыңыз ба, әлде Кеңес Одағының тапсырмасы болды ма?
№6 - Сұрақ:
Ауған соғысында көрген қиыншылықтарыңыз көп болды ма, Сіздің есіңізде қалған бір оқиға бар ма?
2 – жүргізуші
Құрметті қонақтар ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпаққа жауынгер ағалардың аманаты ретінде
Сарбаздар сыры көрінісін тамашалайық
Оқушылар: қадам басқан оқушылар саптық тұру мен калашник жинау бойынша көрініс көрсетеді.
Ендеше оқушылардың «Ұрпаққа аманат» арнауын назарларыңызға ұсынамыз.
«Ұрпаққа аманат»өлең жырларымен
1 Айтбек 9 Д оқушысы
Баласы батыр туғаннан
Денесін сумен жуғаннан
Батыр да халық қазақпыз
Кіндігін түйіп буғаннан
2.Әбіл 9 Д оқушысы
Тамыры терең кететін
Жайнаған дархан мекенім
Бар ма екен шіркін жалғанда
Қазахияма жететін
3.Бағдаулет 9 Д оқушысы
Ел үшін өткен батырлар
Шайырлар менен ақындар
Күш пенен түйсік, ақылды
Бағындыра алған дарындар
Олардың ерлік тәлімі
Халқына айқын мәлімді
Ұғына алса керекті
Қазіргі ұл - қыз хәліңді
4.Жасурбек 9 Д сынып оқушысы
Жауына күшін көрсетіп
Ізіне ерген ел сеніп
Жастарға бүгін аманат
Жасалған істер белсеніп
5.Бағжан 9 Д сынып оқушысы
Бабалар салған сара жол
Өшпейтін мәңгі дара жол
Ұрпаққа бүгін аманат
Қорғай біл халқым пана бол
1 жүргізуші:
Біздің ерлер соғысқа енді бармасын,
Бар әлемде бейбітшілік орнасын!
Елбасының көрегенді жолымен
Отанымда жаңа ғасыр орнасын! Деп орталарыңызда
9 Д сынып қыздарының «Сарбаздар» би орындауы
2 - Жүргізуші:
Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін деп келесі қорытынды сөзді мектеп әкімшілігіне береміз.
Қорытындылау: Мектеп әкімшілігі сөйлеп ,сый сияпат ұсынылады ардақты соғыс ардагерлеріне.