Навигация

Издание не издается с июня 2025 года

Ағзаларды клондау тәсілдері

Медеуова Акмарал Маратбековна
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің
оқытушысы

Клондау (грек. clon – ұрпақ, бұтақ) – организмдерді жыныссыз жолмен көбейту арқылы сол организмдерге ұқсас ұрпақтар алу. Клондау кезінде клеткадағы белгілі гендер жоғалмайды (тек Клондау процесіне қосылмаған гендер ғана жойылып отырады). Клондау арқылы өте пайдалы өсімдік сорттарын алуға және мал тұқымын асылдандыруға болады. Бірақ Клондаудың мұндай әдістері (өсімдік сорттары мен асыл тұқымды мал алатын) адамдарға қолдануға келмейді.


Скачать файл

Рубрика: КОЛЛЕДЖ-Естественные науки | 1 курс Дата: 26.02.2025


Фрагмент для ознакомления

Жалпы мәліметтер:

Сабақтың түрі: Теориялық

Мақсаты, міндеттері: Білім алушыларға ағзаларды клондау ұғымын, клон алудың жолдарын жөнінде түсініктеме беру. Сүтқоректілер мен көпжасушалы ағзалардың клондау тәсілдерінің бір-бірінен айырмашылықтарын түсіндіре отыра, ілім алушылардың бойында оқыту барысында тәртіптілік, нақтылық сияқты тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру және топтық жұмыстар кезіндегі ынтымақтастық, өмір бойы білім алу мен ізденуге деген ынта мен талапты қалыптастыру, жаңа білімді қолдана білу дағдысын дамыту.

Күтілетін нәтижелер:

Ағзаларды клондау ұғымын, түсінеді.

Клон алудың жолдарын біледі;

Сүтқоректілер мен көпжасушалы ағзалардың клондау тәсілдерін бір-бірімен салыстыра алады;

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды;

Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Қажетті ресурстар:

Оқу – әдістемелік құрал – жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:

Биология 11 сынып, оқулық авторлары: А.Ф.Ковшарь, Н.Г.Асанов 64-81 бет.

Техникалық құралдар, материалдар: интерактивті тақта, бейнесабақтар:

Сайт Prezi

Онлайн презентация: «Ағзаларды клондау тәсілдері».

Сабақтың барысы:

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Басы

20 мин

 

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу. Аудиторияның және топтың сабаққа дайындығын текеру. Ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын пысықтау. Үйге берілген тақырып: Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары.

1 – тапсырма

Білім алушылардың сарамандық жұмысын тексеру.

2 - тапсырма

«Анаграмма» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру.

Гендік түрлендірілген ағзалардың адам үшін қандай қажетті өзгерістер болды? Осы сұраққа жауап беру үшін сынып жұптарға бөлінеді. Тапсырманы орындау уақыты 10 минут. Тақтада ортақ кесте беріледі. Әр өткен тақырыпта берілген мәліметтерді қолдана отырып, кестені толтырадды.

 

ГМО

пайдасы

зияны

1 топша

Гендік модификацияланған микроағзалар ГММ

   

2 топша

Гендік модификацияланған өсімдіктер ГМӨ

   

3 топша

Гендік модификацияланған жануарлар ГМЖ

   

КБ Адам өз денсаулығын сақтау үшін қалай тамақтану қажет?

Дескриптор: өз ойын жеткізеді.Мысал келтіреді.

3 – тапсырма. «Жабық сұрақтар» әдісі

https://wordwall.net/resource/52377333

«Wordwall» платформасы арқылы ұяшықтағы берілген сұрақтарға жауап береді.

3.Білім алушыларды оқу мақсатымен бағалау критерийлерімен таныстыру.

Ағзаларды клондау ұғымын, түсінеді.

Клон алудың жолдарын біледі;

Сүтқоректілер мен көпжасушалы ағзалардың клондау тәсілдерін бір-бірімен салыстыра алады;

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды;

Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Әріптік

Сандық эквиваленті

Критерийлері

Балл

А, А-

4,0

3,67

Тақырып бойынша терминдер мен ұғымдарға қатысты терең білімін және түсінгенін көрсетеді.

Қиын тапсырмаларды орындайды және кең өрістегі жағдайларда білімін орынды қолданады.

Әр түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты жинақтайды және толық негіздей отырып, қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты логикалық бірізді аргументтер келтіреді.

95-100

90-94

В+, В, В-

3,33

3,0

2,67

2,33

Қиын тапсырмалар үлгілерін ажыратады, шешудің альтернативті және стандартты емес жолдарын ұсынады және қолданады.

Пән бойынша терминдер мен ұғымдарды жеткілікті түсінгенін және білімін көрсетеді.

85-89

80-84

75-79

70-74

С+, С, С-

D, D-

2,0

1,67

1,33

1,0

Тақырып бойынша терминдер мен ұғымдарға қатысты қарапайым білімін және түсінігін көрсетеді.

Қарапайым тапсырмаларды орындайды және тікелей нұсқаулықтарға сай орындау рәсімдеріне ілеседі

65-69

60-64

55-59

50-54

F

 

Ақпаратты ұсынудың әр түрлі формалары (кестелер, графиктер және диаграммалар) негізінде қарапайым қорытынды жасай алмайды

Қарапайым тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады алмайды.

0-49

Білім алушылар өз пікірін білдіруі мүмкін. Кері байланыс жасап, нәтижелерді талқылайды, үй тапсырмасын қорытындылайды.

Ортасы

50 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңы

50 минут

5. Жаңа сабақты түсіндіру.

https://youtu.be/bsOK03uLHPA бейне ақпарат.

Клондау (грек. clon – ұрпақ, бұтақ) – организмдерді жыныссыз жолмен көбейту арқылы сол организмдерге ұқсас ұрпақтар алу. Клондау кезінде клеткадағы белгілі гендер жоғалмайды (тек Клондау процесіне қосылмаған гендер ғана жойылып отырады). Клондау арқылы өте пайдалы өсімдік сорттарын алуға және мал тұқымын асылдандыруға болады. Бірақ Клондаудың мұндай әдістері (өсімдік сорттары мен асыл тұқымды мал алатын) адамдарға қолдануға келмейді. Теориялық түрде әйелдің де, еркектің де генетикалық көшірмелерін жасауға болады. Бірақ клондалатын клетка даму сатысының барлық кезеңдерінен өтуі керек, міне, сол кезде клеткаға сыртқы ортаның қалай әсер ететіні әлі толық анықталған жоқ.

Бейне ақпарат.

4 – тапсырма. Топтық жұмыс.

«DEAL» әдісі арқылы сарамандық альбоммен жұмыс (15- минут). Жаңа тақырып мәліметтеріне сүйене отыра, топтық жұмысты оқулықпен жасайды.

D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау,сынау,өлшеу).

E –Explain – түсіндіру (Бейнежазба бойынша түсінгендерін суреттеу).

A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).

L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).

5 – тапсырма. «Ретке келтір» әдісі. (8 – минут)

  •  

Жоғарыда көрсетілген сілтемеге өтіп жаңа тақырып бойынша алған ақпараттарға сүйене отыра, мәліметтерді ретке келтіріңіз.

6 – тапсырма «Тарсия әдісі» (12 – минут)

Өз орнын тап тапсырмасы. Берілген суретке мұқият қарап, клондау әдісінің кезеңдерін ретімен орналастырыңыз.

Тақырыпқа сәйкес терминдермен жұмыс (сабақтың тілдік мақсаты)

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Клондау

Клонирование

Cloning

Микроағзаларды клондау

Клонирование микроорганизмов

Cloning of microorganisms

Өсімдіктерді клондау

Клонирование растений

Plant cloning

Жануарларды клондау

Клонирование животных

Animal cloning

Жасушалық инженерия

Клеточная инженерия

Cell engineering

Микроқалемшелеу

Микросочинение

Micro penning

Каллус алу

Удаление мозоли

Removal of callus

6. Жаңа сабақты бекіту

7 – тапсырма. «Ойлан, тап!» әдісі.

Жеміс пішінді фигураларда орналасқан жаңа тақырып сұрақтарына жауап беріңіз.

Рефлексия: «Бір ауыз сөз» әдісі.

Білім алушылар стикерлерге сабақ туралы пікір жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б

 

Сабақтағы жетістіктерім

Оның себептері

Сабақтағы жетістіктерім

Оның себептері

 

 

 

 

 

 

Бағалау: Сабақта білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін жаңа тақырыпқа әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, әзірленген тапсырмалар жауаптарын бағалау.

Үй тапсырмасы:

8 – тапсырма. Кестені толықтырыңыз:

«Ағзаларды клондау» тақырыбына эссе жазу.

Өсімдікті клондау

Жануарды клондау

Артықшылықтары

 
 

Кемшіліктері

 
 

Қолдану аймағы/облысы

 
 

Клондау үшін қажетті жағдай

 
 

Биология 11 сынып, оқулық авторлары: А.Ф.Ковшарь, Н.Г.Асанов 64-81 бет.


Скачать файл